Полицейлер жолда апатқа ұшыраған жүргізушіге көмек көрсетті

Полицейлер жолда апатқа ұшыраған жүргізушіге көмек көрсетті

Пешков кентінің жанындағы “Алматы-Екатеринбург” автожолында DAF маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты дұрыс игере алмай, кюветке шығып кетіп аударылған.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, тек көліктің өзіне аз ғана материалдық залал келтірілді.

Белгілі болғандай, жүк тасушы құрылыс материалын тиеп, “Қорған-Өзбекстан” бағыты бойынша жүріп бара жатқан.

Патрульдік полицейлер автожолдың осы учаскесінде жол қауіпсіздігін үшінші тәуліктен бері қамтамасыз етіп келеді.

“Алғашқы күні біз Қарабалық ауданынан көмек сұрадық. Ол жақтан құрылыс краны жөнелтілді. Алайда жүк көлігін көтеру мүмкін болмады. Кеше Қостанайдан жүк эвакуаторы шақырылып, оның көмегімен көлікті қалпына қойды, – дейді Қостанай облысы ПД патрульдік полиция ротасының аға инспекторы Берік Жумагужин.

Бүгін түстен кейін екінші жүк көлігі келіп, құрылыс материалдарының бір бөлігі сол жерге тиелді.

Жүргізуші полицейлерге алғысын білдіріп, қайтадан жолға шықты.

Жаңалықтармен бөлісу