Облыстық полиция департаменті олардың дені саябақтардың, скверлердің және басқа да қоғамдық орындардың ластануы, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтардың шығарылуына тиесілі екенін хабарлады.
“Жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі темекі тұқылын тастау. Мұндай әрекеттер үшін 10 АЕК (36 920 теңге) айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері осындай 3,6 мыңнан астам жағдай анықталды. Сонымен қатар, полицейлер абаттандыру саласындағы бұзушылықтарды және рұқсат етілмеген полигондарды анықтау үшін басқа мемлекеттік органдармен белсенді жұмыс істеуде”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Мобильді топтар аймақтағы жағдайды тексеріп, тұрмыстық қатты қалдықтардың 43 полигонын тапты. Қазіргі уақытта олардың 20 – сы жойылды.
Бұзушылықтардың алдын алу маңызды міндет болып қала бермек. Бір жыл ішінде абаттандыру ережелерін бұзған 12 мыңға жуық дерек анықталды.
Кінәлілер жалпы сомасы – 80,4 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады.