Полиция қызметкерлері ұрлықтың ізін суытпай ашты деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ұрылар түн мезгілінде Б. Майлин ауданының Асенкритов ауылына кіре берістегі учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың вагонына кіріп, электрмен жабдықтау станциясын жасырын ұрлап кеткен.
Криминалдық полиция бөлімінің бастығы ТАЛҒАТ БАЙЗАҚОВ пен ауылдық учаскелік полицей ДИЯР КУШУБАЕВ жедел түрде екі ер адамды анықтап, ұстады.
“Тінту барысында генератор қылмыскерлердің бірінің үйінен табылды.Ұрлық фактісі бойынша үй-жайға заңсыз кірумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл әрекет үшін ұрылар екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – полиция қызметкерлері.
Генератор иесіне қайтарылды. Сақшылардың жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.