Қостанай облысында пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасының жолын кесуге бағытталған “Пиротехника” республикалық операциясы жүріп жатыр.
Жыл сайын жаңа жылдық мерекеге дейін құқық қорғау органдары сауда нүктелерін, базарларды және отшашулар сатылатын басқа жерлерді тексереді. Биыл операцияға 60 рейдтік топта жұмыс істейтін 150-ден астам полиция және 30 ТЖД қызметкерлері қатысуда.
“Іс-шара басталғаннан бері пиротехника заңсыз саудасының 15 жағдайы анықталды. Заңды бұзған сатушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы 1 млн 384 мың теңгені көлемінде айыппұл арқалады. Мысалы, осы демалыс күндері облыс орталығында “Складской” базарында полицейлер мерзімі өткен пиротехникалық өнімдерді саудалаған жергілікті тұрғынды анықтады. Қызметкерлер одан әртүрлі пиротехникалық бұйымдары бар 32 қорапты тәркіледі”, – делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Полицейлер пиротехникалық өнімдерді тек мамандандырылған дүкендерден немесе стационарлық павильондардан сатып алу қауіпсіз екенін еске салады. Сатып алу кезінде сатушыдан тауардың сертификатын сұрау және оның жарамдылық мерзіміне көз жеткізу қажет. Қаптаманың күйіне ерекше назар аудару керек: егер ол зақымдалған болса немесе қаптамадағы күн өзгертілген болса, сатып алудан бас тартқан дұрыс.Сонымен қатар пиротехникалық өнімдерді даладан сатып алу өте қауіпті, өйткені олардың қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды.
Іс-шара 5 желтоқсанда басталып, 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады.