Парасатты және жауапкершілікті қадам

Парасатты және жауапкершілікті қадам

Қазақстанның авиациялық оқиғаны тергеу барысында қабылдаған шешімі – халықаралық нормалар мен тәжірибеге толық сәйкес келетін, парасатты және жауапкершілікті қадам. Борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) таратып оқуды Бразилиядағы ұшақ шығарушы елдің арнайы зертханасына тапсыру тергеу нәтижелерінің объективтілігі мен нақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан бұл шешімді қабылдағанда тек ИКАО стандарттарын ғана емес, Ресей мен Әзербайжан тараптарының мүдделерін де ескерді. Осындай нәзік саяси жағдайларда бейтараптықты сақтай отырып, барлық тараптардың сенімін жаулап алу – үлкен дипломатиялық шеберлікті қажет етеді.

Бұл оқиға Қазақстанның тек халықаралық міндеттемелерге адалдығын ғана емес, сонымен қатар авиациялық қауіпсіздік саласындағы беделін нығайтудағы рөлін де көрсетеді. Бразилияның CENIPA орталығындағы сараптама нәтижелеріне ешкім күмәнданбайды, өйткені бұл зертхана әлемдік деңгейде танылған және заманауи технологиялармен жабдықталған.

Қазақстанның әрекеті халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау табатыны сөзсіз. Бұл қадам елдің әділдік пен ашықтықты басшылыққа алатынын, сондай-ақ жаһандық авиациялық қауіпсіздікке қосқан үлесін көрсетеді. Елдің осындай шешім қабылдауы оның әлемдік аренадағы беделін айтарлықтай арттырады.

Эргашвой ХОЛМЕТОВ,
“Шарк” тәжік-өзбек этномәдени
бірлестігінің төрағасы 

Жаңалықтармен бөлісу