Отбасы банкі 15 мамырдан бастап сараланған сыйақының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын болады.
–Түсінікті тілмен айтар болсам, Отбасы банктің негізгі ұстанымы халықты ақша жинауға үйрету. Оның тиімді екенін түсіндіру. Көпшілік депозит ашады да оған ай сайын қаражат салмайды. Тек баспана алар кезде қомақты соманы салып, баспаналы болады. Ондайда, әрине, процент те жоғары болады. Енді осы жағдай өзгерді. Депозит ашып, ақша салған соң ол кем дегенде үш, алты ай жинақталуы тиіс. Осылайша халықты қаражат жинауға үйретеді. Егер бұрын ставкалар 7% – дан 11,5% – ға дейін болса (ЖТСМ 7.4% – дан бастап), енді ставка 6% – дан 10% – ға дейін болады (ЖТСМ 6.2% – дан бастап). Ставка кредит бойынша мөлшерлеме депозитте жинақтау мерзіміне және оны толтыру кезеңіне байланысты, – дейді Отбасы банк кеңесшісі Гүлнұр Әділханқызы.
Депозитте жинақ ақшасы жоқ клиенттер Отбасы банкіндегі жинақ шотына тұрғын үй құнының 50% салса, олар бірден 11,5% мөлшерлемемен аралық несие алады. Бұл ретте бағалау көрсеткішінің мәні нөлге тең болды. Қазір жинақ ережелері де өзгеруде. Несие алу үшін ең төменгі ОП 2,5 болу керек. Осы орайда OП 2.5 алу үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды.
–ОП 2,5 болу үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде депозит толықтырылған сәттен бастап 3 ай өтуі керек. Содан кейін банк максималды мөлшерлеме бойынша несие береді – несиенін пайызы 10 болады, – дейді банк кеңесшісі.
Бұл өзгерістер банк ұсынатын бірнеше бағдарламаларға да әсер етеді. Ал осы уақытқа дейін алдын-ала мақұлдау алған клиенттер бұрынғы шартпен несие ала береді. Тұрғын үй және алдын ала қарыздар бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады.