Отандық тауар өндірушілер жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алымдарына қол жеткізе алады

Отандық тауар өндірушілер жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алымдарына қол жеткізе алады

Мәжіліс депутаттар бастамашы болған тауар биржалары мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ол Мемлекет басшысының тауар биржаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленген.

Тиісті заңнаманы жетілдіруге бағытталған түзетулер соңғы бес жылда үшінші рет әзірленіп отыр. Заң жобасы аясында сауда-саттықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін тауар биржалары қорытындыларды шығарғаннан кейін қатысушылар мен мәмілелер туралы ақпаратқа қатысты коммерциялық құпияны жария етуге міндетті болады. Бұл қазақстандық өндірушілердің ашық сауда құралдарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың саудасы мамандандырылған электрондық сауда алаңдарына ауыстырылып, жер қойнауын пайдаланушылар ғана пайдаланатын стандартталмаған тауарлардың саудасы алынып тасталады. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алымды тауар биржалары арқылы айналып өту мүмкін болмай, отандық тауар өндірушілер сатып алымға кедергісіз қол жеткізе алады.

t.me/mazhilis_kz

Жаңалықтармен бөлісу