Орталық саябақ жаңартылды Бағдат Ахметбеков

Орталық саябақ жаңартылды

Тұрғындардың демалыс бос уақытын өткізуге арналған жайлы аумақтар Қостанай қаласының ажырамас бөлігі іспеттес. Қалада қоғамдық орындар мен  саябақтар көркейтіліп жатыр. Орталық алаңда  қала күніне орай оны көркейту жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүкіл алаңда брусчатка, тротуарлар, бордюрлер ауыстырылды және автоматты суару жүйесі орнатылды. Жеңіс саябағындағы сияқты ол жер де жарықтандырылды. Осылайша,  саябақ аумағы 180 жаңа жарықдиодты шамдармен толықтырылды. Алаңдағы барлық инженерлік коммуникациялар жер асты – жаяу жүргінші жолдары арқылы өткізілді, бұл екпелердің тамыр жүйесіне зақым келтіруді азайтуға ғана емес, эстетикалық көріністі бұзбай, электр желілерінің қызмет ету мерзімін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді орталық алаң жұмысымен танысқан қала әкімі Марат Жүндібаев.

Жаңартылған саябақ қостанайлықтар мен қала қонақтарының жайлы демалыс орнына айналатын болады.

Жаңалықтармен бөлісу