«Қостанай таңы» газеті оқырмандарының онлайн ұтыс ойынында 20 өңір бойынша алпыс сыйлық ойнатылған болатын. Ұтыс иелері әлі де редакциямызға келіп, сыйлықтарын алып кетіп жатыр. Солардың бірі қостанайлық Серікбай Жұмағұлұлына “Тобыл” футбол клубы ұсынған жейдені газеттің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы табыс етті.
Серікбай Жұмағұлұлы қырық жылдан бергі газетіміздің оқырманы.
« Өзіміздің тіліміздегі газет болғаннан кейін өсіп-өнген Әулиекөл ауданы Сұлукөл, Диев ауылдарында ата-анамызбен жаздырып алып оқитын едік. Осы басылым арқылы тіл ұлттың көрсекіші екенін ұқтым. Партия ұйымының жетекшілігенде жүргенде ауыл жұртын облыстық газетке жаздыруды ұйымдастырдым. Мақала да жазатынмын. 400 данаға дейін алып отыратын. Қазір «Ағайдар» қоғамдық қорының төрағасы ретінде осы ана тілімізді, дәстүрімізді насихаттау жолында жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Серікбай Жұмағұлұлы.
Ұтыс иелеріне Қостанай қаласы Әл-Фараби даңғылы 90 мекенжайына 87772137202, 8-714-2-54-33-22 телефондары арқылы хабарласып, сыйлықтарын алып кетуге болады.