Оқушыларға ескерту жарияланды www.gov.kz

Оқушыларға ескерту жарияланды

Күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау жиі адамдардың өліміне және жарақат алуына әкеп соғады. Осыған байланысты облыстық білім басқармасының мамандары балаларға ескерту жасады.

“Қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін мұз қатпайды. Кешкі немесе түнгі суықта қатқан мұз берік болса да, күндіз ол белгілі мөлшерде еріп, өз тығыздығын жоғалтады. Мұз қату кезеңіндегі қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қараңыз!” – дейді мамандар.

Жаңалықтармен бөлісу