Олжа сыйлаған ашық турнир

Олжа сыйлаған ашық турнир

Жітіқара қаласында еркін күрестің негізін қалаушы Н. В. Балобановты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен XIV ашық облыстық турнир өтті.
Жарысқа Қостанай, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Астана, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Орал, Ырғыз, СҚО-ның Айыртау, Новоишимка, Қызылжар қалалары мен кенттерінен отызға тарта команда бақ сынады.

Жарысқа Ресейдің Светлин ауданының құрамасы мен Домбаровка кентінің командасы да шақырту алған.
Жітіқара ауданы Еркін күрес бөлімінің тәрбиеленушілері бұл бәсекелерде озық деп танылды.

Атап айтқанда, Мансур Есенов 62 келіде, Әмірхан Балтабаев 35 келіде, Иван Ермошин 32 келіде, Ярослав Петров 23 келіде, Тамирлан Айтбаев 20 келіде, Аруна Русак 45 келіде, Ксения Ящук 35 келіде, Дарья Граб 32 келіде жарыс жеңімпаздары атанды. Никита Прослов(68 кг), Матвей Торчанин ( 57 кг), Бакжан Палторе (52 кг), Егор Жарков (48 кг), Меруерт Раманқұловалар(38 кг) финалда өнер көрсетті.


Белал Тимофеев (75 кг) , Сергей Дудочкин (48 кг), Роман Коркин (41 кг), Руслан Ищанов (+38 кг), Арсений Чуб (20 кг), Ульяна Прослова (45 кг), Ольга Мельник (38 кг), Милана Ахметовалар (35 кг) қола жүлдені еншіледі.

Номинациялар бойынша Дмитрий Ящук – «Ең жас балуан», Русандова Василина «Турнир аруы» ретінде марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары кубок, медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Осы турнирдің қаржылай демеушісі «Қостанай минералдары» АҚ екенін айта кету керек.

Жаңалықтармен бөлісу