31 мая, 2025
Өрт дер кезінде ауыздықталды

Өрт дер кезінде ауыздықталды

Тобыл қаласындағы Герцен 14 үйден өрт шықты деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Жеке секторда тұрғын үй төбесі мен қабырғалары жиһаздарымен отқа оранған. 30 шаршы метр аумақ өрт қаупінен оқшауланып, жарты сағат ішінде сөндірілген.

«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Материалдық залал келтірілмеген. 1 млн теңге соманы құрайтын материалдық құндылықтар өрт залалынан құтқарылды. Өрттің шығуына үйдегі пеш себеп болды. Сөндіруге 24 адам мен 6 бірлік техника қатысты», – дейді департамент өкілдері.