Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Республикалық және халықаралық спорттық турнирлердің қостанайлық жеңімпаздары спорттық көрсеткіштері үшін жоғары төлемдер алатын болды. Бұл көптен күткен жаңалық.
Соңғы үш жылда облыс спортшыларына республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда ең аз мөлшерде төлемдер берілген болатын. Осы мәселені облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен спорт сүйер қауым жиі көтерді. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов бұл мәселеге назар аударып, шілде айында Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына өзгерістер енгізілді. Қысқартылған нұсқада оның атауы: “Қазақстан Республикасы құрама командалары мүшелерінің спортшыларына ай сайынғы ақшалай қамту төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулыға өзгерістер жақын арада күшіне енеді. Мысалы, олимпиадалық, паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлерінен ересектер арасында Қазақстан чемпионы бұған дейін 30 айлық есептік көрсеткішке ие болып келген.