Ол пәтер ұрлығына қатысы бар адамдарды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 19-21 тамыз аралығында өткізіледі.
Бұл кезеңде осы бағытта 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Жедел алдын-алу іс-шарасының бірінші күнінде профилактикалық жұмыстардың арқасында бірде-бір пәтер ұрлығы тіркелген жоқ.
“Қостанай, Арқалық, Лисаков және Федоров аудандарында бұрын жасалған 4 ұрлық ашылды. Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысында полиция қызметкерлері 220 пәтер ұрлығын ашты. Операцияның бірінші күнінде бұрын үйлерден мүлікті ұрлаған 4 адам ІІО профилактикалық есебіне қойылды”, – дейді Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Шыңғыс Кашанов.
Маман мұндай қылмыстардың құрбаны болмау туралы кеңестерімен бөлісті.