Өңір журналистері кәсіби мерекелерін ерекше атап өтті

Өңір журналистері кәсіби мерекелерін ерекше атап өтті

Бүгін облыстағы журналистер қауымы кәсіби мерекелерін ашық аспан астында бірігіп медиа форум өткізумен қарсы алды.

Бұл басқосуға Ресейдің Челябі өңірінен келген бірқатар БАҚ өкілдері ортақтасты. Іс-шараны өткізуге Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы мұрындық болды.

“Біз қазір кәсіби мерекеміздің аясында жиналып отырмыз. Осыдан бірнеше ай бұрын БАҚ қызметкерлері күнін атап өтуді өзгеше форматта ұйымдастыруды ақылдасқан болатынбыз. Осы бастамаға ел ағалары қолдау білдіріп, мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен қарсы алып отырған жайымыз бар. Бұл жерде айта кету керек, Ресейден де әріптестеріміз келіп отыр. Өңірдегі “Розумович” ЖШС, “Айткужинов” құрылыс компаниясы, “Арасан” компаниясы, “Полиметалл” кәсіпорыны демеушілік көрсетті. Осы ұжымдардың басшылығына алғысымыз шексіз”, – деді Қазақстан журналистер одағының облыстық өкілдігі төрағасы Александра Серғазинова форумның ашылуында.

Астана қаласының облыстардағы Ұлттық және халықаралық медиа құқық эксперті, заңгер Гүлмира Біржанова, “Шұбаркөл көмір” АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің басшысы, тренер Дамира Қожахметова, “Азаттық” сайтының редакторы Вячеслав Половинко, облыстық “Қостанай таңы” газетінің директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы және оның орынбасары Аслан Қанғожин, осы газеттің ресми сайтының редакторы Жандос Жүсіпбек БАҚ, құқық, әлеуметтік желілердегі медиа сауаттылық жөнінде тренинг өткізді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов еңбегімен көзге түскен үздік журналистер мен кәсіби мамандарды марапаттады.

Олардың арасында әріптесіміз Шұға Қоңқабай мен Бағдат Ахметбеков те бар.

Газет тілшісі Сералы Мырзабай Қазақстан журналистер одағының облыстық филиалының Құрмет грамотасына ие болды.

“Елде болып жатқан ақпаратты халыққа бүкпесіз тарататын — сіздер. БАҚ қызметкерлерін құттықтаған Президентіміз осы жайында да айтып өтті. Бұл қоғамда журналистер үшін сөз бостандығы қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Мәселе болған жағдайда әрқашан дәлелмен айтылуы қажет. Біздің жұмысымыз көтерілген мәселені күн тәртібіне қойып, бұқара халықтың қамы үшін қызмет көрсету”, – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Ашық аспан астындағы меркелік кеш мемлекеттік қызметкерлер мен БАҚ өкілдерінің жұбынан құралған “Екі жұлдыз” байқауына ұласты.

Жаңалықтармен бөлісу