Өңір медицинасына жаңа жабдықтар енгізіліп жатыр

Өңір медицинасына жаңа жабдықтар енгізіліп жатыр

Медициналық  жабдықталған   реанимобильдерге  өңіріміз әлі де зәру.  Санитарлық авиация желісі бойынша биыл  үш жүзге жуық сапар жасалды. Оның 57-сін мамандар жаңа туған балаларға арнаған. Жаңа көліктік кувезді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Дэвид Саркисян таныстырып жатып осылай деді.

– Сатып алынған кувез медициналық қызметтің кең түріне  ие. Бұл жаңа туған нәрестелермен жұмыс кезінде тасымалдауға,  басқа да манипуляциялардың сапасын жақсартары сөзсіз, – дейді бас дәрігер.

Белгілі болғандай, бұл көліктің  жаңа туған нәрестелерді бір нүктеден екінші нүктеге кувезде де жеткізуге мүмкіндіктері  мол. Құны-44 млн теңге болатын бұйымның пайдалануға жарамды  мерзімі кем дегенде 10 жыл.

Былтыр  сәбилер өлімі бойынша көрсеткіштер жоғары болғаны аян.  Сондықтан биыл өңірдегі  барлық күш осы салаға бағытталып отыр.  Басшылық  жаңа туған нәрестелерді күту сапасы мен тасымалдауды жақсартуға  жағдай жасап жатыр.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген Бейбіт МЕЙРАМҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу