16 июня, 2025
Өнер майталманы Мемлекет басшысының қолынан марапат алды

Өнер майталманы Мемлекет басшысының қолынан марапат алды

Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі, Мәдениет саласының үздігі Манапбек Сапарбайұлы Кәдіров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Жоғары марапатты Мемлекет басшысы Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтау салтанатында жерлесімізге арнайы табыстады.

Мұндай награданы Президенттің қолынан аймағымыздағы өнер саласының қызметкерлері арасынан М. Кәдіров тұңғыш рет алып отыр.

Манапбек Сапарбайұлы — Е.Өмірзақов атындағы өнер ордасында отыз жылдан астам еңбек етіп келеді. Республикалық, халықаралық ән байқауларында талай мәрте облысымыздың абыройын қорғап жүр.

Марапат иегеріне зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз!