Өңірді биыл облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Өнер керуені» жобасы іске асады. Жоба аясында өнерпаздар ауыл-ауылдарды аралап, мәдени шаралар өткізбек. Негізгі мақсаты – ауыл халқына рухани азық сыйлау, ауылдық клубтардың деңгейін көтеруге ықпал ету, өңірлік өнер ұжымдарына қолдау көрсету, дәстүрлі өнерді насихаттау. Тың бастама 6 сәуірде Федоров ауданының Пешков және Баннов ауылдарынан бастау алады.
«Өнер керуені» жобасына облыстық театрлар, кітапхана, мұражай, филармония ұжымдары қатысады. Жоба жыл бойына өтеді. Жоба барысында ауыл тұрғындарына облыстық филармония әртістері концерттік бағдарламаларын, мұражай қызметкерлері көрмелерін ұсынып, ал кітапхана қызметкерлері жазушылармен жүздестіріп, театрлар өз қойылымдарын тарту етеді.
Сонымен қатар, музыканттар, театр әртістері, суретшілер өз саласында ауылдық үйірмелерде шеберлік сабақтарын ұйымдастырады. Жоба аясында облыстық қуыршақтар театры мен филармония қызметкерлері «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясындағы «Оқушының мәдени нормативі» оқу-ағарту жобасын да қамтиды.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА.