15 июня, 2025
Облыстық Қазынашылық департаментінің ұжымы төл мерекелерін атап өтті

Облыстық Қазынашылық департаментінің ұжымы төл мерекелерін атап өтті

Облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина сала мамандарын құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

«Осыдан отыз жыл бұрын департамент өз қызметін бастады. Мемлекттік қазынаны сақтауға , арттыруға мүдделі болды. Содан бері қаржы жүйесін тиімді үйлестіруге үлес қосып келеді. Халықтың қажырлы тұрмыс-тірішлігін жеңілдетуге күш салып жатыр. Осы жолда түрлі жолдардан өтті. Кассалық аппарат жұмысы замануи тетіктерге көшті», – деп атап өтті Гүлбарам Мұсағазина.

Бұл жүйе бюджетті өзара тиімді бөліп, жоспарлы есепті жүргізуге мейлінше оңтайлы бағыт бергені сөзсіз. Бүгінде бұл ұйым облыстағы 219 бюджеттік мекемелерге қызмет көрсетіп жатыр. Жылына алты мыңнан астам төлем жасалды. Төрт мыңға жуық азаматтық құқықтық акті әзірленді.

Арқалық қаласы қазынашылық басқармасының басшысы Толғанай Балтабайқызы осы салада 1992 жылдан бері еңбек етіп келеді. Адал еңбегі мен мемлекеттік мекемелердің жұмысына қосқан қажырлы үлесі үшін ҚР Қаржы министрлігі Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің құрмет грамотасына ие болды.

«Ұттық банктің есептеу кассалық орталығында бас экономист болып жұмысымды бастадым. Содан бері осы салада келе жатыр. Тәуелсіз Қазақстанның қаржылық реформалау сатыларынан өтіп, ұлттық банктің есептеу  кассалық орталықтары  аудандық бөлімшелерде құрыла бастады. Кейін олар ықшамдалды. Бюджеттік банкке ауыстық. 1995 жылы қаржы министрлігінің жанынан  Қазынашылық басқармасы ашылды», – дейді Толғанай Балтабайқызы.

Аудандарда бір-бір адамнан бөлімшелер өз жұмысн бастады. Мемлекеттік бюджеттің ағымдарын қадағалап, мемлекттік мекемелерге қызмет көрсету міндеті қойылды. Бүгінде әлемдегі барлық бағдарламалар жаңартылған. Соның ауқымды тетіктері осы салаға енгізіле бастады.

«Басында жұмыс істеу қиынға соқты. Әсіресе, 2000 жылдары төлем шоттарын үш күнде реттесек, қазір алты  сағатта өңделеді. Бұл – қазіргі қазынашылық менкемелерінің электронды клиент жүйесіне көшуінің жемісі», – дейді Толғанай Балтабайқызы.

Иә, мекеме қызметкерлері барлық жерге электорнды қызмет көрсетеді. Қағаз жүзінде құжат қабыданбайды. Электорынды форматта өңделіп, орына түсетін ақша аударымы бірден  бағытталып отырады. Оның есебін кез келген адамның кейін көруіне тиімді жағдай жасалған. Ол қадам мемлекетіміздің жаңа қаржылық тұжырымдасын жүзеге асыру үшін көздеген озық тәсілі болатын.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков