Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Жанкелдин, Аманкелді аудандарын аралап, тұрғындармен кездесті.
Алдымен өңірде он айда атқарылған жұмыстардың барысымен Жанкелдин аудананың әкімі Шота Оспанов таныстырды. Айтуынша, өңірде қолға алған шаруа көп. Ауданға инвестиция тарту, құрылыс, жол жөндеу басқа да салаларда едәуір өсім бар. Шалғай өңірлерге бөлінетін қаржы көлемі де жыл озған сайын еселене түскен. Мәселен, биыл Жанкелдин ауданындағы автожолдар мен көшелерді жөндеуге жөндеуге 4,6 млрд теңге бөлінді.Ал Амангелді ауданының автожолдары мен көшелерін жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінді. Қоңсылас қонған қос ауданның экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіші дәтке қуат. Халықтың әл-ауқаты артқан. Жаңа жұмыс орындары да ашылып жатыр. Бұл бір жағынан өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерлік дамытуға ден қойғандықтан шығар. Мұны Аманкелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаев та айтты. Тұрғындар алдында есеп берген облыс басшысы астықты өңірдегі тегеурінді істердің біразымен таныстырды. Қолға алынған тың жоба көп, бірнеше жүздеген жұмыс орындары ашылды. Құмар Ақсақалов мұнымен тоқтап қалуға болмайтындығын қадап айтты.
– Президент Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығы атап өтті. Биыл ауыл шаруашылығын қолдауға шамамен 175,0 млрд. теңге қарастырылған. Міндетіміз – үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімнің үлесін 70%-ке дейін ұлғайту. Бұршақ дақылдарын өңдеу бойынша «Кайдзен» зауытының іске қосылуын атап өтуге болады. Меңдіқара ауданында құрғақ бие сүтін өндіру зауыты іске қосылды. Сондай-ақ, облыста ірімшіктің 10 жаңа түрін өндіру бойынша жаңа кешеннің құрылысы жүргізіліп жатыр, – деді облыс басшысы.
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ