Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов арнайы жұмыс сапарымен Арқалық қаласына келіп, көктемгі егістің жай-жапсарымен танысты.
Саланың қазіргі кезеңдегі негізгі міндеттерінің бірі — шегіртке зиянкестерін бақылау. Облыс әкімінің орынбасары осы мақсатта облыс бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Біріншісі — шегірткенің шығуына мониторинг іс-шаралар белсенді жүргізілуде. Бұл жұмыстармен 2,3 миллион гектар қамтылды. Қазіргі уақытта мониторинг қызметінің мамандарынан 263 адам және аудан әкімдері қосымша тартқан қарап — тексерушілерінің жергілікті саны жұмыс істейді. Қажет болса қарап — тексерушілердің саны артады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан шегіртке ошақтарын анықтау үшін 654 адам жұмылдырылған.
Екіншісі — зиянкестердің ошақтарына тиімді өңдеу жүргізу. Биыл облыстың 12 ауданында 650 мың гектар жерді өңдеу жоспарлануда. Олардың негізгі алқаптары Наурызым, Аманкелді, Жанкелдин, Қамысты аудандарында және Арқалық қаласында орналасқан.
«Қазір бұл аудандарда шегіртке зиянкестерінің белсенді түрде шығуы байқалады. 150 мың гектар жер қарап тексерілді, оның 57 мың гектары өңдеуге жатады. Ағымдағы кезеңде 51 мың гектар өңделді, олардандақылдарға зиян болмайды», – деді облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов.
Барлығы шегірткеге қарсы кемінде 66 бірлік мамандандырылған техника тартылатын болады. Тиімді өңдеу жұмыстары үшін жер үсті бүріккіштен аса жеңіл авияцияға дейінәр түрлі техникалар таңдалған.
«Облыста менің төрағалығыммен фитосанитарлық шараларды өткізу жөніндегі штаб жұмыс атқарады. Шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізудің барлық мәселелері бақылауға алынған. Ауыл шаруашылығы министрлігімен жергілікті атқарушы органдарының қызметтері бірлесіп жұмыс істейді. Болжалды аумақты өңдеуге арналған улағыштардың қажетті көлемі бар. Өңдеу жұмыстары олардың бірнеше түрімен жүзеге асырылады», – деді облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов.
Арқалық қаласы бойынша шегірткенің таралуына қарсы 185 мың гектарқарап — тексеріледі. Жұмысқа 42 адам тартылды. Ағымдағы кезеңде 14 мыңнан астам гектар қарап — тексерілді. 7,5 мың гектар өңдеуге жатады. 7 мың гектар өңделді.
Болжам бойынша биыл Арқалық қаласының пайдаланатын жерлерінде 56 мың гектардан астам гектар жоспарда.Жерден және әуеден залалсыздандыратын 8 бірлік техника жұмыс істейді. Арман Тарғынұлы бұл бағыттағы жұмыстардың жіті жалғасатынын айтты.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы