Жітіқара ауданы Милютин ауылынан 5 шақырым жерде тағы екі адам құтқарылды.
ТЖМ қызметкерлері еліміздің автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
«Құтқарушылар қар құрсауында қалған жеңіл автокөлікті сүйреп шығару операциясын жүргізді. Алайда автокөлік ақаулы болып шықты және құтқарылғандар Жітіқара қаласына жеткізілді», – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.