Облыс прокурорлары бала құқығын қорғады

Облыс прокурорлары бала құқығын қорғады

Облыстық прокуратура органдары медицина мекемелерінің қызметін тексеру барысында балалардың денсаулық сақтау құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.

Мәселен, мамандандырылған медициналық орталықтарға ай сайын түрлі аурулары бар балаларды оңалту үшін квоталар бөлінеді. Ондағы  қызмет түрлері тегін екенін айта кеткен жөн. Алайда бөлінетін квота үміткерлердің  сапардан бас тартуы себебінен толық  жұмсалмай келген.

Оны  прокурорлар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне сауалнама жүргізу арқылы тексеріп көрді.  Олар бұл жағдайдан хабарсыз шыққан.

Мысалы, Қостанайда кәмелетке толмаған пациентке облыстық  «Дружба» балалар  орталығында оңалтудан өту ұсынылады. Баланың заңды өкілдері тегін рәсім туралы білмей,  өз қаражаты есебінен оңалтудан өткізген.

Облыс бойынша барлығы осыған ұқсас 166 факт анықталды.

Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар осындай  балаларды оңалтуға және демалыс орындарына  емдеуге жіберу жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

 

Қостанай облысының прокуратурасы

 

 

Жаңалықтармен бөлісу