Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының тарапынан осы жылдың басынан бастап осал нысандарды терроризмнен қорғаудың жай-күйін тексеру қайта басталды.
Айта кету керек, шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий аяқталды. Осы жылдың басынан бастап білім беру және денсаулық сақтау мекемелері тексеруге жатады, ал сәуір айынан бастап сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін тексеру басталады.
Терроризмге қарсы қорғауға қойылатын талаптар объектіні заманауи инженерлік-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді, ведомстволық нұсқаулықтарға сәйкес оқу-профилактикалық және басқа да іс-шараларды жүргізуді көздейді.
Полиция департаменті терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың көрсетілген талаптарын орындамау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Осы баптың санкциясы 200-ден 500 АЕК-ке дейінгі сомаға айыппұл салуды көздейді.
Мәселен, 2024 жылдың басынан бастап облыс орталығының екі нысанының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың бірі жеке мектеп.