Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов қостанайлық масс-медиа өкілдерімен кездесті.

Мерекелік дастарқан басында өткен жылы шырайлы кездесу барысында өңір басшысы журналистерге мемлекеттің ұстанып отырған саясаты мен Ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы БАҚ өкілдерінің жұмысын айрықша атап өтті.

“Сіздер қоғамда қалыптасқан мәселелермен қатар, мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатты жан-жақты жазып, көрсетіп келесіздер. Бұл үлкен еңбек! Жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда бірқатар міндет жүктеді. Біздің алдымызда осы ауқымды мәселелерді шешу міндеті тұр. Ең бастысы – халықтың әл-ауқатын арттырып, өңір экономикасының әлеуеті артуына жұмыс істейтін боламыз. Мен Сіздерге алдағы уақытта атқарушы билік пен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі деп сенім артамын”, – деді облыс басшысы.

Басқосуда облыс басшысы мен журналистер қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыға салды.

Алдағы уақытта мұндай кездесулер тұрақты түрде өтіп тұрмақ.

Толығырақ газетіміздің алдағы сандарының бірінен оқи аласыздар.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Жаңалықтармен бөлісу