Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.
Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші – 9:16.46 секунд. Бұл Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі.
Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.
Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.
t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi