Бұл туралы Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазір мердігер ұйым онда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Осыған байланысты қала әкімі сол жердегі үйлердің тұрғындарымен кездесіп, зардап шеккен тұрғындардың пәтерлерін аралады.
Үйлерді тексеру барысында бірқатар тапсырма берді:
– Үйлердің шатырын жедел жабу үшін қосымша жұмыс күшін дереу тарту қажет. Осыған байланысты ТЖ қызметі мен коммуналдық ұйымдар желілерді одан әрі қауіпсіз пайдалану үшін тексеру жүргізсін.
Залалды одан әрі анықтау үшін зардап шеккен пәтерлерді комиссиялық аралау жалғасады. Мүлікті қалпына келтіру мен пәтерлерді жөндеу жұмыстары мердігерлік ұйым есебінен ұйымдастырылсын, – деді қала әкімі Марат Жүндібаев.
Бұл жұмыстар қала басшысының жеке бақылауына алынды.