Полиция өкілдері тұрғындарға әрдайым сақ болып, деректеріңізді қорғауға шақырады.
Сізге ұялы байланыс операторы ретінде қоңырау шалып, SIM картаның жақын арада бұғатталатыны туралы хабарлауы мүмкін. Әрекетті ұзарту үшін олар сіздің телефоныңызға келетін смс-кодты сұрайды.
“Оған сенбеңіз! Бұл алаяқтық! Осылайша, олар сіздің құрылғыңызға және мобильді банкингке қол жеткізе алады. Ешқашан SMS-те алынған кодтарды ешкімге бермеңіз және бейтаныс абоненттер сізге ұсынатын әрекеттерді орындамаңыз!” – деп ескертеді полиция департаменті.