29 мая, 2025
Науырзым ауданы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өтті 

Науырзым ауданы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өтті 

Мерекеге келген қонақтар мен көрермендерді аудандық мәдениет үйінің әртістері сазды әуенмен қарсы алды.

Аудан әкімі Мәди Ихтиляпов іс-шараның салтанатты бөлігі алдында жәрмеңке көрмесіне барып, «Агромашхолдингкз» АҚ ұсынған жаңа техникалармен танысты.

Жиналған халықты кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп марапаттау рәсіміне кірісті. Еңбек ардагері төсбелгісімен бірқатар азаматтар марапаттады.

 

(Қайыржанов Шотбай ата, Сағынаев Мағзум ата, Караулбеков Сәулембет ата). Кейін Қостанай облысы әкімі мен Науырзым ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен бірқатар ауданымыздың шаруа қожалықтарының басшылары мен жұмысшылары марапатталды. Марапатталғандардың арасында қарапайым аспазшы, малшы болып жұмыс жасағандардың еңбегі бағаланды.