Минивэн жүргізушісі бес жолаушының өміріне қауіп төндірді

Минивэн жүргізушісі бес жолаушының өміріне қауіп төндірді

Жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын қостанайлық жүргізуші кезекті рейске марихуана пайдаланып шыққан. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл тәртіп бұзушылықты облыстық патрульдік полиция батальонының 4-взводының қызметкерлері анықтаған.

“22 қаңтарда «Автобус» және «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері Жақсы-Есіл-Бұзылық автожолында Toyota Alphard маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатқан Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғынын тоқтатқан. Тексеріс барысында полицейлер мобильді қосымшаны пайдалана отырып, оның елордадан Қостанайға жолаушыларды тасымалдаумен заңсыз айналысқанын анықтады. Ол жолға шығар алдында «марихуана» есірткі затын қолданған. Осылайша, есіркіге масайып, салонда болған бес жолаушының өміріне қауіп төндірген”, – делінеді хабарламада.

Жаңалықтармен бөлісу