Еліміздің барлық мектептерінде ұлттық ойындар челленджіне орай оқушылар он жетінші қараша күні бір мезгілде “бес табан” және “Бес асық”ойындарын ойнайды деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұл іс-шара білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтап, ұлттық ойындарды насихаттау үшін ұйымдастырылмақ.
“Ұлттық ойындар – қызықты әрі адамды шабыттандырады. Бұл – денсаулық пен үйлесімді өмірдің кепілі. Асық ойыны баланың жүйке, бұлшықет жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, мінезі мен ептілігін дамытады, көру қабілетін жақсартады. Ауқымды республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарының бірлестіктеріне бағытталған, өз елі үшін мақтаныш сезімін, өз ұлтының құндылықтарын, Отанын қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырады”, – дейді департамент директоры Меруерт Медетбекова.
Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп жопарланып отыр.