22 мая, 2025
Милад Карими Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Милад Карими Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Еркін жаттығу бойынша финалда қазақстандық гимнаст 14.133 ұпай жинады.

Екінші орынды жапондық Кацуки Минами (13.666) иеленсе, үшінші орын италиялық Никколо Ваннуччиге (13.533) бұйырды.