Михаил Шайдоров Гран При кезеңінде “күміс” медаль иеленді

Михаил Шайдоров Гран При кезеңінде “күміс” медаль иеленді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Чунцинде өткен Гран-при кезеңінде екінші орын иеленді.

Отандасымыз қысқа және еркін бағдарлама қорытынды бойынша 276,17 ұпай жинады.

Михаил еркін бағдарламада үш айналым аксель және төрт айналым тулупты қатар секіріп, мәнерлеп сырғанаудағы ең қиын элементті орындады. Ол – бұл каскадты секірген алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.

 

1. Шун Сато – 278.48 ұпай

2. Михаил Шайдоров – 276,17

3. Адам Сяо Хим Фа – 252.53

 

t.me/sportzhaily

Жаңалықтармен бөлісу