Мерекемен ұласқан семинар

Мерекемен ұласқан семинар

Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес №7 жалпы білім беретін мектебінде республикалық, қалалық ынтымақтастық жұмыс түрі негізінде «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» республикалық жоба аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Онлайн форматта  Павлодар, Көкшетау, Қарағанды қалаларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандары  қатысты.

Семинардың теориялық кезеңінде «Оқуға құштар мектебі» жобасының жетекшісі   А.Ибраева мектептің шығармашылық ұстаздарының жұмыс жүйесімен таныстырды.

Заманауи интербелсенді әдістерді оқыту процесіне енгізудегі жетістіктерімен бөлісу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі ұстаздары Л.Ульжебаева, Р.Исенова, Т.Абдрашева, Ш.Омарова панорамалық сабақтарды көрсетті.Білім алушылардың оқуға деген құштарлығын және оқу мәдениетін көтеру үшін Г.Утесова, А.Романкулова, Л.Патрахинаналар 6 сыныптар арасында интерграциялық «Дәмді кітап» сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Оқушылар алдын ала ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысып, өздері таңдаған жазушының еңбегінің (кітабының) мұқабасын безендіріп, өз білімдерін ортаға салды. Бұл іс-шара көркем еңбек пәнімен кіріктірілген, жоғары деңгейде өткізілді. А.Байтұрсынұлының, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әз-Наурыз мерекесі қарсанында өтіліп жатқандықтан қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары да көрсетілді. «Балаға есім беру» тақырыбында сахналық қойылым қойылды. Семинардың қорытынды бөлімінде іс-шараны өткізген ұстаздар қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталса,семинарға қатысқан жас мамандарға сертификат табысталды.

Семинардың жалғасы мектеп ауласында мерекелік концертпен жалғасты. Білім орданың қырық жылға жуық тарихы бар болса, осы жылдар аралығында үш қана басшылық ауысқан екен. Мектеп басшысы Жантөре Мұхтарұлының мұрындық болуымен мектеп ауласына ақшаңқай киіз тігілген.

Мереке мектеп ауласында ұйымдастырылып, «Этно ауыл» ұйымдастырылып, киіз үй тігіліп, оған ұлттық безендіру қойылып, ұлттық ойындар, театрландырылған көрініс, мерекелік концерт және ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды.

Наурыз мейрамының қадірлі қонағы – Қыдыр ата халықты мерекемен құттықтап, ақ батасын берді. Қыдыр баба рөлін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Өтеулі сомдады.

Дәстүр бойынша шара «Шашу» салтымен ашылып, балалар мен мереке қонақтарының көңілінен шықты.Дарынды оқушылар 4-сынып оқушысы Төкен Төлеберген мен 9-сынып оқушысы тамаша күйші Әлішер Беутаевтың өнер көрсетуімен жалғасты.

«Адель» би тобының көктем мерекесіне дайындаған би өнері мерекелік концерттің көркін кіргізді. Одан кейін арқан тарту, асық ату сияқты спорттық ойындар өткізілді. Мереке соңында барлық қатысушылар ұлттық «Қара жорға» биін биледі.

Наурыз мерекесін ұйымдастыруға оқушылар, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Киіз үйде қонақтарға ұлттық тағам – Наурыз көже ұсынылды.

Жанар ЖҰМАҒҰЛОВА,

          әдіскер-зерттеуші.

          Қостанай қаласы.

Жаңалықтармен бөлісу