Алдағы жылы Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толады. Облыс әкімдігінде біртуар тұлғаның мерейтойын кең көлемде атап өту мәселесі қаралды.
«Атқарылғалы отырған жұмыс ақынға деген құрметімізді көрсетіп, елді жан-жақты дамытуға ықпал етуі тиіс», – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Жанкелдин ауданына қарасты бірқатар ауылдар абаттандырылып, ондағы түйінді мәселелер шешімін табатын болады.