Жыл сайын мейірбикелер туралы мақала жазып жүрміз. Алайда, мейіргер ер азаматтар жайлы аз айтамыз. Өмір мен өлім арпалысқан жауапты қызметте мейірбикелермен қатар, мейіргер жігіттер де өлшеусіз еңбек етіп жүр. Әсіресе, соңғы жылдары мейіргерлердің қатары көбейген.
Мақаламыздың кейіпкері Сүндет Тайшықарин (суретте) Қостанай облыстық ауруханасында мейіргер болып жұмыс істеп жүр. Соңғы бір жылда аурухананың жақсүйекбет бөлімшесінде еңбек етуде. Бұған дейін Рудный, Қарабалық ауданындағы емханаларда, Қостанайдағы инфекция орталығында қызмет етіп, тәжірибе жинақтаған. Жалпы еңбек өтілі тоғыз жыл. Мұның өзі білікті маман болып қалыптасуға жеткілікті уақыт. Осы жылдар ішінде Сүндет әртүрлі медициналық мекемеде жұмыс істеп, білімін жанжақты жетілдіруге күш салды. Болашақта жоғары оқу орнына түсіп, іс жүзінде жиғантерген білімін теориямен ұштастырсам дейді. Медицина саласының әліппесін 20122015 жылдары Арқалық қаласындағы аймақтық медицина колледжінен оқыған. Үш жылдық оқуды тәмамдаған соң, бірден еңбекке араласты. Жас маманның алғашқы қызмет жолы Рудныйдағы қалалық ауруханада, хирургия бөлімшесінде басталған еді.
– Қостанайдағы облыстық инфекция орталығында екі жылға жуық еңбек еттім. Ол кезде коронавирус инфекциясы өршіп тұрған. Пандемияның әлегі мен қиындығы бүкіл адамзат баласының есінде шығар. Бетаузымызды тұмшалап алып, науқастардың өмірі үшін күндізтүні күрестік. Қаншама еңбек, маңдай тер. Бірлескен жұмыстың арқасында қиындықты еңсердік. Инфекция орталығындағы міндетімді орындаған соң, қайтадан облыстық ауруханаға ауыстым. Мінекей, соңғы бір жылда осы жерде палата мейіргерімін, – деді Сүндет Тайшықарин.
Медицина саласы жоғары жауапкершілікті, асқан төзімділікті, биік парасат пен батыл қадамдарды талап ететін мамандық. Содан болар, бұл саланы екінің бірі таңдай бермейді. Аталған мамандықта кездейсоқ тап болу деген атымен жоқ. Саналы түрде шешім қабылдап, медицина қызметкері боламын деп өмірлік мақсат қойған адамның ғана қолынатын келетін іс. Кейіпкеріміз Сүндеттің әңгімесінен осындай ой түйдік.
– Біздің әулетімізде, ағайындар арасында ақ халатты абзал жандар бар. Нағашым Абай Жанкишов және жеңгем Дариягүл Наурызбаева дәрігер. Алдыңғы буын аға-жеңгемнің еңбек жолына, жетістіктеріне қарап қызығатынмын. Мамандық таңдауда атаанам, туыстарымның бағытбағдар бергені де рас. Ойлана келе медицина колледжіне оқуға түстім. Медицина саласы – жауапты мамандық. Бұл салада қызмет ету үшін мамандыққа деген қызығушылық, сүйіспеншілік керек, – дейді Сүндет.
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, біздің өңірімізде медицина саласында барлығы 14 887 маман бар. Оның ішінде 1904 дәрігер, 6056 арнаулы орта білімді персонал еңбек етуде. Орта медицина қызметкерлерінің төрт мыңнан астамы мейірбике, мейіргерлер, алты жүзден астамы фельдшер, үш жүзден астамы акушер, қалған үш жүзден астам қызметкер лаборант. Қазіргі күні облыста 446 орташа медициналық қызметкер тапшы. Бір қуантарлығы, жас мамандардың арқасында сұраныс көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Өңірдегі орташа медициналық қызметкерлердің таза жалақылары орташа есеппен 150206 мың теңге шамасында. Қосымша төлемдермен бірге есептегендегі еңбекақы үш жүз алты мың теңге болады. Медицина мамандарының еңбегі қандай да бір жалақымен өлшенбеуі керек. Өйткені, олардың атқарып жүрген жұмысы салмақты. Күн сайын адам жанына араша түсіп, талай тағдырларды аман алып қалу үшін жанталасады. Соның ішінде, мейірбике, мейіргерлердің еңбегі ұшантеңіз. Олардың көзге көрінбейтін, ұсақтүйек жұмысының арқасында қаншама науқас дертінен құлан-таза айығып, қатарға қосылып жатады. Нағыз маңдай тер, адал еңбектің иелері міне, осы мамандар.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ