2 июня, 2025
Мемлекеттік қызметшілермен «Қызмет» кәсіподағының көшпелі кездесуі өтті

Мемлекеттік қызметшілермен «Қызмет» кәсіподағының көшпелі кездесуі өтті

«Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалы мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында көшпелі іс-шара өткізді.

Жұмыс тобы құрамында филиал төрағасы Гүлнара Далибайқызы Донбаева, Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Жанділдіұлы Сюндиков және облыстық филиалдың бас маманы Айзере Серікқызы Рыскильдина болды.

Жұмыс сапары аясында Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарында бірқатар кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, «Мемлекеттік органдардың кәсіподақ ұйымдарымен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы» тақырыбында семинар өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге ҚР заңнамасының, этикалық стандарттардың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалардың сақталуына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға аудандық қоғамдық кеңестердің, ардагерлер ұйымдарының, аудандық мәслихат депутаттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Көшпелі жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларымен танысып, «Қызмет» салалық кәсіподағының қызметі мен негізгі бағыттары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, «Кәсіподақ серіктесі» жобасы аясында ұсынылған жаңалықтар таныстырылып, кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділеріне арналған практикалық тренинг ұйымдастырылды.

Филиал төрағасы Гүлнара Донбаева кәсіподақтың негізгі міндеттері мен мақсаттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Ол мемлекеттік органдарда, соттарда, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарда еңбек қатынастары, еңбек жағдайлары және жалақы төлеу мәселелері бойынша кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау, сондай-ақ денсаулық сақтау мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау кәсіподақ қызметінің басты басымдықтары екенін атап өтті.Бұл кездесулер мемлекеттік қызметшілер мен кәсіподақ өкілдері арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтып, ашық диалог пен ынтымақтастықты дамытудың нақты үлгісіне айналды.

 

 

                                                                                           Диана Алмасқызы

ҚӨУ студенті