Исламдағы бес парыздың бірі – Рамазан оразасы. Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жұртшылыққа ауыз ашар беру сауабы мол амал.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адам алатындай сауап алады», деген.
Рамазан айының келуімен қатар жыл сайын ауызашар беруде көбейе түсуде.
Бүгін Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың атынан ауыз ашар берілді.
Бұл сауапты іс еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылып, ораза тұтқан әр шаңырақтың асыл қазынасы ақсақалдар, ақ жаулықты аналар, әр салада еңбек етіп жүрген мамандар қатысты.
Облыс басшысы Құмар Іргебайұлы Президент атынан арнайы құттықтауды жолдады.
“Отыз күн Ораза тұтқан барша мұсылманды Мемлекет басшысының атынан құттықтаймын. Берекесі мен бірлігі, татулығы мен тірлігі жарасқан Рамазан айында, Наурыз мерекесінің онкүндігі аясындағы Қайырымдылық күні жасаған игі амалдарыңыз, тілеген барлық дұға-тілектеріңіз, ықылас-ниеттеріңіз қабыл болсын!” – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.