14 июня, 2025
Мемлекет басшысы пошта, мемлекеттік қызмет көрсету, көлік және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заңға қол қойды

Мемлекет басшысы пошта, мемлекеттік қызмет көрсету, көлік және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заңға қол қойды

Бұл заңға «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары бастамашылық етті. Енді көппәтерлі үйлер мен ғимараттарда поштоматтар орналастыру реттеледі.

Ал абоненттік жәшіктерге қатысты талаптар өзгеріссіз қалады. Пошта жөнелтілімдерін QR-код немесе ПИН-код арқылы адресаттың келісімімен үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі қарастырылған. «Қазпошта» компаниясына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау құқығы берілді.