Мал жаю ережесін бұзған Майлин ауданының тұрғыны жауапқа тартылды

Мал жаю ережесін бұзған Майлин ауданының тұрғыны жауапқа тартылды

Қостанай – Қарабұтақ автожолының 59 шақырымында GEELY автокөлігінің жүргізушісі түнде қараусыз жайылып жүрген екі түйені қағып кетті деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол – көлік оқиғасы салдарынан жануарлар сол жерде мерт болған.

Жүргізуші зардап шекпегенімен, көлігінің сау-тамтығы қалмапты.

Іс жүргізу барысында полицейлер түйе иесін тауып алды.  Жергілікті учаскелік полицейдің айтуынша,  Б. Майлин ауданы Юбилейный ауылының 50 жастағы тұрғыны мал жаю ережесін бұған дейін де бұзып,  бірнеше рет жауапқа тартылған.

Бұл жолы құқық бұзушы әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша айыпталып отыр. Жол  ережесімен қатар жоғарыда аталған мал жаю ережесін бұзғаны үшін  оған 45 мың теңге айыппұл салынды. Келтірілген залалды өтеп беру де мал иесінің мойнына жүктеледі.

Облыстық  ПД иелеріне малдарын мезгілсіз уақытта бағатын адамдардың қарауынсыз қалдырмауын ескертеді.

Жаңалықтармен бөлісу