Құтқарушылар Қарабалық ауданының тұрғынын бес күннен бері іздестіріп жатыр.
Славенка ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде 1987 жылы туған ер адам мал іздеп, байланысқа шығуды тоқтатқан деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
“Жұмыс беруші полициядан көмек сұрады. Іздестіру жұмыстары 5 қарашадан бастап жүргізілуде. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері, ЖАО, Шекара қызметі, еріктілер, сондай-ақ кинологиялық есеп және пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Қостанай облысының ТЖД тұрғындарға, әсіресе, күзгі-қысқы ауа райының құбылмалы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады.