Майлин ауданында із-түссіз кеткен балықшы екінші күн іздестіріліп жатыр

Майлин ауданында із-түссіз кеткен балықшы екінші күн іздестіріліп жатыр

Адамның жоғалып кету дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Іздестіру жұмыстарына еріктілер, полицейлер, құтқарушылар, тұрғындар, хабар-ошарсыз кеткен адамның туыстары, сүңгуірлер, жүзу және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.

“Қазіргі уақытта Тобыл өзенінің Жоғарғы Тобыл және Қызылжар су қоймалары аралығында іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция іздестіру шарасы барысында Б.Майлин ауданындағы Қызылжар су қоймасынан 5 шақырым жерден, өзен жағасынан жоғалған адамның жеке заттарын, балық аулау құралдарын, ұялы телефонын және көлігін тапты. Кейін құтқарушылар өзеннен қармақ пен торды алып шықты”, – делінеді облыстық ПД хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Лисаков қаласының 57 жастағы тұрғыны 28 қыркүйек күні өз көлігімен балық аулауға кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. Оның әйелі 30 қыркүйекте полицияға көмек сұрап жүгінді.

Жаңалықтармен бөлісу