МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ОТБАСЫ, ӘЙЕЛДЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАР ТУРАЛЫ КОМИССИЯ ҚҰРДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ОТБАСЫ, ӘЙЕЛДЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАР ТУРАЛЫ КОМИССИЯ ҚҰРДЫ

Халық қалаулысы Қарақат Әбден “Мейірім құшағы” атты отбасы, әйелдер және балалар ісіне қатысты республикалық комиссия құрды. Ендігі жерде отбасылық құндылық пен зорлық-зомбылық, әйелдер мен балалардың құқығына қатысты өзекті сұрақтар заңнамалық тұрғыда нығайтылмақ. Бұл комиссияның құрамына әр облыстан бір-бір төраға мен 6 мүшеден бекітілді. Енді олар жергілікті жерлерде отбасы, әйел және балалар туралы бар мәселелерді жинақтап заңнама аясында шешуге ықпалды.
Ертең алғаш рет Астана қаласында комиссия мүшелері бас қосқан республикалық жиын өтеді. Оған Қостанай өңірінен облыстық мәслихаттың депутаты, “Ауыл” ХДДП филиалының төрайымы Ғайния Есеева бастаған делегация мүшелері, яғни Федоров ауданы маслихатының депутаты Сәуле Баймурзина мен қоғам белсендісі, кәсіпкер Махаббат Сейткалиева қатыспақ.
Айта кетелік, жақында Мәжіліс депутаты, жоғарыда аталған “Мейірім құшағы” атты комиссияны құрып отырған Қарақат Әбден еліміздегі нәзік жандылардың әлі де басшылық лауазымдар мен депутаттық орындарда шектетіліп отырғанын айтып, ерлер мен әйелдер арасындағы пайыздық көрсеткішті теңестіру жайлы ұсыныс тастаған болатын.

Жаңалықтармен бөлісу