Соңғы кездері көші-қон мәселесі кеңінен талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Әрине, бұл мәселенің біздің қоғамды алаңдатуы да кездейсоқтық емес. Өйткені, жер бетіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымыздың атажұртқа оралуы яғни Ұлы көштің қарқыны бәсеңдеген. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-тренингте осы мәселені қалай дөп басып жазу мәселесі көтерілді.
Жиынға құқық қорғау органдары, жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, ҚР Президенті жанындағы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясының мамандары қатысты. Іс-шарада халықтың ең осал тобы ретінде әйелдер көші-қоны мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы ПД ішкі көші-қонды құжаттандыру және бақылау бөлімінің бастығы Гүлжанат Көдебаеваның айтуынша, Қазақстан Республикасының Көші-қон саясаты көші-қон процестерін басқару және реттеу саласындағы халықаралық танылған стандарттарды сақтауға негізделген.
Осы жылдың бес айында Қостанай облысының аумағында шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға 1036 рұқсат берілді, оның 570-і әйелдер. Әйелдердің көпшілігі Ресей Федерациясынан келген. Олармен бірге 32 бала тұрақты тұруға рұқсат алды. Көші-қон полициясының өкілі Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға және елдің азаматтығына рұқсат алу тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қостанай облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Дәмила Ақпанбетова көшіп-қонушыларды әлеуметтік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, көші-қон процестерімен біздің елден пана іздеген адамдар қамтылған. Бұл құқықты 26 адам пайдаланды. Оларға қандас мәртебесі берілді, оның 16-ы әйел.
Көші-қон саясаты дегенде, тек елден кеткендер мен келгендерді орналастырып, олардың қоныс аудару себебін зерделеу деген жалпы картина елестегенімен, оның астарында тұтас елдің еңбекке тартылуы, халықтың жалпы өмір сүру сапасы тұрады. Әуелде айтылып кеткендей, жауаптылар жаңа саясат ел экономикасын білікті кадрларды тарту арқылы көтеруді мақсат етіп отыр.
Қазіргі уақытта біздің еліміз 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібі сияқты маңызды құжаттарға қосылды. Онда көші-қон көптеген мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін механизм ретінде қарастырылмақ.
Семинар-тренингте эмпатияның қалыптасуы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің мигранттарға деген эмпатиясы туралы айтылды. Елдің өзгеруі – бұл адамға қолдау қажет болған кезде психологиялық сияқты ресми процесс емес.
Тренингке қатысушы журналист Айжан Өтеуованың айтуынша, тренингте алған білімі маңызды, өйткені журналистік практика үшін ол алғаш рет осындай семинарға қатысып отыр. Көші-қон тақырыбы жабық тақырып болғанымен, бірақ алынған ақпараттың арқасында БАҚ өкілдері экономика, мәдени алмасу, білім беру үшін көші-қон мәселесінің оң жақтарын көрді. Іс-шарада құқықтық реттеу мәселелеріне, оның ішінде халықаралық деңгейде де көп көңіл бөлінгені маңызды дейді мамандар.
Семинар Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің мен Халықаралық көші-қон ұйымы және қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.