Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қала тұрғындарымен кездесуінде әкімге халық көкейінде жүрген сұрақтар қойылды. Қала тұрғыны Құралай Ілиясқызы: «Жаңа сіз ауылшаруашылғы жайлы айттыңыз. Соған байланысты сұрақ қояйын деп едім. Өзіміздегі ет, сүт, май өнімдері біздің өңірден шықса, сол тамақтардың бағасы қалай болады екен? Өзіңіз білесіз біздің жақта қыс өте қатты, 8 ай суық, 12 айдың 8 айында жақсы тамақтанып, жақсы киінуіміз керек».
–Төлем көп болса, әрине, бағалар да арзандайды. Солай емес пе? Ал жетпей тұрған кездерде тек сүтке, етке, майға ғана байланысты емес, ол барлық өнімдерге де байланысты. Жетпей тұрса кәсіпкерлер шетелден алып келеді. Шетелдің шаруа қожалықтарының өнімдерін жейтін боламыз. Оның бағасына ешкім ешнәрсе жасай алмайды. Ол – нарық. негізгі мақсатым, алдындағы сөзімде де айтып кеткенімдей, өзіміздің облыстағы шаруа қожалық басшылары ауылда етті, сүтті, майды көбірек шығаруы керек. Өнім көп болса, сапасы жағынан да, бағасы жағынан да жақсы болады. Біз бүгінде анау шетелден алып келген өнімнің сапасын қандай екенін көре алмаймыз, өкінішке орай, құрғақ ұнтақты сумен араластырып кәдімгідей сүт деп сатады, ал оның сапасы сапасы қандай екенін өкінішке қарай білмейміз. Сондықтан өзіміздің облыстағы шаруа қожалықтарының бүкіл жұмысын тексеріп алып, сапасы жағынан жақсы өнімді шығаруымыз керек, сонда ғана бағасы тұрақты болады , – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Бейбіт НҰРМҰХАНОВ
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев