Сонымен қатар облыс әкімі Лисаков қаласындағы ыстық су қазандығы жұмысымен танысты. Нысан құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталған. Жобаны келер жылдың наурыз айына аяқтау көзделген.
– Лисаков қаласындағы екінші су жылыту қазандығын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Нан зауыты, мектеп-интернаты ауданында жылу желісін қайта құру қолға алынуда. Қазіргі уақытта жобаға түзетулер енгізіліп жатыр,– деді қала әкімі.
Тағы осындай 8 инженерлік коммуникацияны қайта орнату жоспарлануда. Бұл жобалардың сметалық құны шамамен 2,7 млрд теңгені құрайды.
– Бұл жобаларды таңдап алған кезде қажетті қаржыландыру туралы өтінішхаттар облысқа жіберілетін болады. Қала үшін тағы бір маңызды жоба – өз қажеттіліктерін жабу үшін газ тұтыну қондырғысын салу. Қазіргі таңда тиісті мемлекеттік сараптама алынды, жобаның құны 844,1 млн теңге. Облысқа қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім жолданды, – деп атап өтті А.Ибраев.
Бейбіт НҰРМҰХАНОВ
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев