Қостанай облыстық ауруханасының кардиохирургтары алғаш рет тоталды коронарлы реваскуляризацияны алдыңғы торакотомия арқылы (Total coronary revascularization via left anterior thoracotomy) ота жасады.
Бұл кеуденің сол жағындағы алдыңғы қабырғалары арасынан кішкентай кесінді (5-7см.) арқылы жасанды қан айналым жағдайында жүректі тоқтату көмегімен аортокоронарлы шунттау жасау.
Бұл уақытқа дейін біздің кардиохирургтар мұндай күрделі отаны стернатомия арқылы (төс сүйегін тігінен арамен кесу) жасайтын, енді бұл отаның жаңа, дамыған түрімен істеуге кірісті. Мұның пайдасы көп. Науқас ауыр әрі күрделі отаның өзін жақсы көтеріп, жеңіл қабылдайды. Отадан кейін бейімделу де тез өтіп, кесілген төстің ажырау қауіпі төмендейді.
Қазір осы әдіспен ем алған барлық науқастардың жағдайы жақсы. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Айта кететіні, бұндай ота Қазақстанда тек Астанадағы президенттік клиника мен біздің Қостанай облыстық ауруханасында ғана жасалады.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА.