30 тамыз – халқымыз үшін аса маңызды тарихи күн. Себебі, осы күні бүкілхалықтық референдумда тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді айғақтайтын басты құжат, тұғырлы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Адам құқықтары табиғи құқық теориясынан, ал азаматтың құқықтары позитивті теориядан туындайды, бірақ екеуі де ажырамас сипатқа ие. Азаматтың құқықтары – бұл адамдар арасындағы теңдікті шектеудің бір түрі, өйткені олар елде тұратын, бірақ азаматтығы жоқ адамдардан айырылады. Бұл құқықтар, әдетте, мемлекеттік істерге жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарды сайлауға қатысуға, өз елінде мемлекеттік қызметке кіруге мүмкіндік береді. Демек, азаматтығы жоқ адамдар бұл мемлекетте бұл құқықтарға ие емес. Халықаралық қоғамдастық жол берген мұндай кемсітушілік әрбір мемлекеттің аталған құқықтарды тек ел тағдырымен тұрақты байланысты және конституциялық міндеттерін толық атқаратын адамдарға ғана беруге заңды ниетімен түсіндіріледі.
Адам құқықтарын ҚР Конституциясына енгізу табиғи құқықтар Қазақстанның нормативтік-құқықтық жүйесіне енгізілгенін және ҚР Конституциясымен және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттелетінін білдіреді.
Өмір сүру – бұл адамның табиғи құқығы, бірақ адамды өмірден айыру қылмыс ретінде де, заңды әрекет ретінде де қарастырылуы мүмкін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыхалықтық референдум өтіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Парламенттің рөлін, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіруге бағытталған өзгертулер Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасына оң әсер ететіні сөзсіз. Барлық қазақстандықтардың мүддесін көздің қарашығындай сақтауға бағытталған Ата Заңымызға енген басты өзгерістердің бірі – Конституциялық соттың пайда болуы.
Конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттер негізгі болып саналады. Негізгі конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек нысан бойынша ғана емес, өйткені олар ҚР негізгі заңында бекітілген, бірақ, ең бастысы, мазмұны жағынан да маңызды. Бұл Конституцияда бекіту адамның табиғи құқықтарына ҚР заңнамасына сәйкес қолдау мен қорғауды береді.
Бұл ретте ҚР Конституциясының 12-бабы 2-тармағының ережелері өте маңызды: «адамның құқықтары мен бостандықтары туғаннан бастап әрқайсысына тиесілі, абсолютті және бөлінбейтін деп танылады, заңдар мен өзге де нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуын айқындайды».
Қазақстанның құқықтық жүйесіне табиғи құқықтарды енгізу кезінде дәл осыдан бастау керек: Қазақстан заңдары адам құқықтарының мазмұнын анықтамайды, ал адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың мазмұны мен қолданылуын анықтайды.
Әсел Ақылбекова,
ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының жалпы заң пәндері
кафедрасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі