Өңірдегі республикалық маңыздағы күре жолдардың жалпы ұзындығы 1534 шақырымды құрайды және оның 82% қанағаттанарлық деңгейде. Кейбір учаскелердің жөнделмегеніне 40 жылдай болғанын халық та, жолшылар да айтып жүр. Осы мақсатта өңірдегі автожолдарды қалыпқа келтіру бойынша ауқымды шаралар кешені басталмақ.
Биыл облыста республикалық маңыздағы 6 автожолдың жалпы жиыны 187 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жол жабыны жаңартылып, барлық пайдаланушыларға сапалы жолмен қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етіледі. Оның ішінде Р-63 «Денисов-Тарвиченко-Аршалы-Комаров» және Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолдары 2023 жылы жөнделе бастаған.