WhatsApp мессенджерінде Қостанай облысы аумағында кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы ақпарат таралуда.
Қостанай облыстық Полиция департаменті бұл дерекке қатысты өңірде баланың жоғалғаны жөнінде ешқандай арыз тіркелмегенін хабарлайды.
«Азаматтардан тексерілмеген ақпаратты таратпауын және тек қана ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.